07 мамыр 2014 11:48

Бес ядролық держава Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ штаб-пәтері. Фото РИА Новости БҰҰ штаб-пәтері. Фото РИА Новости

Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Қытай секілді бес ядролық держава өткен сейсенбі күні 2009 жылы бекітілген Орталық Азияны (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстан) ядролық қарусыз аймақ ретінде қарастыратын келісімге сәйкес сол елдердің қауіпсіздігіне кепілдік беретін протоколға қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости. Ядросыз аймақты құру үшін бұл протоколды тек бекіту ғана қалды.

Бұл келісімге сәйкес Орталық Азия аумағында ядролық қаруды өндіруге, сатып алуға және орналастыруға тыйым салынатын болады. Онда сол аймақта орналасқан елдерге бейбіт мақсаттағы ядролық энергетика өндіруге тыйым салынбайды.

Мұндай келісімге барлық ядролық державалар қатар қол қойды. "Әлемдік тәжірибеде мұндай жағдай алғаш рет орын алып отыр", - деп атап өтті БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин.

Ядролық қаруды қолданбауға міндеттеу ядролық державалардың әскери доктриналарында көрсетілген талаптарды орындауға бағытталған.

Ресей СІМ қауіпсіздік және қарусыздандыру жөніндегі департамент директоры Михаил Ульянов атап өткеніндей Орталық Азияда құрылған ядросыз аймақ арқылы ядролық қару түрлері тасымалданатын болса, онда Ресей мұндай транзитке уақытша кепілдік берілмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети