11 қыркүйек 2014 11:09

Билл Гейтс қоры Эболамен күреске 50 млн доллар бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билл Гейтстің қайырымдылық қоры Эбола безгегіне қарсы күреске 50 млн доллар бөледі, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, Эбола безгегі Гвинеяда, Либерияда және Сьерра-Леонеде 2097 адамның өмірін қиды, ауруды тағы 3944 адам жұқтырған.


Билл Гейтстің қайырымдылық қоры Эбола безгегіне қарсы күреске 50 млн доллар бөледі, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, Эбола безгегі Гвинеяда, Либерияда және Сьерра-Леонеде 2097 адамның өмірін қиды, ауруды тағы 3944 адам жұқтырған.

"Бізге соңғы 7-10 күн ішінде індеттің таралу ауқымы мен қарқынының артып келе жатқаны белгілі болды", - деп хабарлады қордың даму бөлімінің президенті Крис Элиас. Қордан бөлінген қаржы БҰҰ-ға, Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымына, Ауруларды бақылау мен оның алдын алу жөніндегі америкалық орталыққа және Эбола безгегімен күреске жұмылдырылған басқа да ұйымдарға жолданады. Билл Гейтс қорының қаражаты медициналық препараттар жасауға жұмсалады.

Эбола безгегі Батыс Африка аумағында осы жылдың ақпан айынан бері тарала бастады. Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымының мәліметінше, індеттен бірнеше мемлекетте 2100-ге жуық адам қайтыс болды, безгекті тағы 4000-ға жуық адам жұқтырды. Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымы ауруды жұқтыру деректерінің "геометриялық прогрессия бойынша" көбейіп бара жатқанын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет. Безгекке қарсы тұратын вакцина әлі шығарылған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети