Бразилияда жолаушылар пойыздарының соқтығысуынан 140 адам зардап шекті деп хабарлайды РИА Новости Globo телеарнасына сілтеме жасап.
Бразилияда жолаушылар пойыздарының соқтығысуынан 140 адам зардап шекті деп хабарлайды РИА Новости Globo телеарнасына сілтеме жасап.
Төтенше оқиға дүйсенбі күні Рио-де-Жанейро штатының Мескита муниципалитетіндегі "Президент Жуселину" станциясында болды. Қала маңына қатынайтын пойыз өзімен бір бағытта ілесе келе жатқан құрамға соқтыққан. Алғашқыда 69 адамның зардап шеккені хабарланды, кейін олардың саны 140 адам деп нақтыланды.
Зардап шеккендердің дені жеңіл жарақат алған, олар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар баяу жылдамдықпен келе жатқан, сол себепті оқиғаның салдары ауыр болмады. Жергілікті ақпарат құралдары жылжымалы құрамдардың рельстен шығып кеткенін хабарлаған еді, бірақ басқарушы теміржол компаниясы бұл ақпаратты теріске шығарды. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.