26 наурыз 2016 12:54

Брюссель әуежайының картасы Парижде теракт ұйымдастыруы мүмкін делінген адамның пәтерінен табылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брюссель әуежайы жарылыстардан кейін. © baltnews.lv Брюссель әуежайы жарылыстардан кейін. © baltnews.lv

22 наурызда теракт ұйымдастырылған Брюссель халықаралық әуежайының картасы бейнеленген компьютер мен флэшка Афинадағы пәтерден табылды, ол жерде 2015 жылы 13 қарашада Парижде теракт ұйымдастыруы мүмкін делінген Абдельхамид Абауд 2015 жылдың қаңтар айында болған, - деп хабарлайды РИА Новости Belga агенттігіне сілтеме жасап.

Абауд пен оның бөлесі 18 қарашада Париж маңындағы Сен-Дениде жүргізілген арнайы операция барысында өлтірілген болатын.

Сонымен қатар, Бельгия прокуратурасындағылар Афинада Брюссель халықаралық әуежайының картасы бейнеленген компьютер мен флэшканың табылғаны туралы ақпаратты әзірше растаған жоқ.

Еске сала кетейік, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше жанкештінің қатысы бар деп есептейді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети