22 наурыз 2016 22:48

Брюссельдегі әуежайда жарылыс жасады делінгендердің суреті жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Terrormonitor.org © Terrormonitor.org

Желіде Брюссель әуежайында теракт жасады делінгендердің суреті жария болды. Болжам бойынша лаңкес делінгендердің видеобақылау камерасына түсіп қалғандардың кадрларын бельгиялық Derniere Heure газеті жариялады. 


Желіде Брюссель әуежайында теракт жасады делінгендердің суреті жария болды. Болжам бойынша лаңкес делінгендердің видеобақылау камерасына түсіп қалғандардың кадрларын бельгиялық Derniere Heure газеті жариялады. 

Суретте үш ер адам жүк тиелген арбаны итеріп бара жатыр. Екі күдікті - сол жақтағы және ортадағы. Басылымның мәліметінше, әзірше ер адамдардың қай елдің азаматы екені анықталмады.


© dhnet.be

РИА Новости мәліметінше, саперлер әуежайда орнатылған үшінші жарылғыш затты істен шығарды. Осыған дейін полицияның әуежайда өлімші белбеуін тапқаны хабарланған болатын. 

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Бельгия билігі жарылғыш заттардың бірін өлімші лаңкес іске қосқан болуы мүмкін деп есептейді. Үшінші жарылыс Мальбек метро станциясындағы вагонда болды. Салдарынан кем дегенде 34 адам қаза тапты, 200-ге жуық адам зардап шекті. Брюссельдегі терактіге Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ лаңкес ұйымы жауапкершілік алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети