03 тамыз 2015 10:36

Бішкек перзентханасында Қазақстан азаматшасы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fedpress.ru © fedpress.ru

Бішкектің екінші перзентханасында Қазақстан азаматшасы қайтыс болды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек". Бұл ақпаратты медициналық мекеменің Бас дәрігері Азамат Алымбаев растады.


Бішкектің екінші перзентханасында Қазақстан азаматшасы қайтыс болды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек". Бұл ақпаратты медициналық мекеменің Бас дәрігері Азамат Алымбаев растады.

Бас дәрігердің айтуынша, көз жұмған әйел жүкті болмаған. Ол Қазақстаннан гинекологиялық операция жасату үшін барыпты. Ол дәрігердің еңбек демалысынан шығуын бір ай күтіп, тексеріліп, барлық құжаттарын дайындап қойған.

"Ол біздің дәрігерлер үшін арнайы келгендіктен бас тарта алмадық, ол біздің жоғары санатты дәрігерлеріміз жөнінде жақсы пікірлерді көп естіген екен. Ол мұндай операцияның Қазақстанда Жамбыл мен Алматыда ғана жасалатынын айтты, бірақ ол жақ тым алыс болған. Операция сәтті аяқталды, оның жатыры алынып тасталды", - деді Алымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, операциядан кейін әйелге плазма тамызылғанда реакция болып, ол комаға түскен. Плазма қан құю арқылы жүзеге асырылды.

"Плазма дұрыс болатын, ол тексерілген. Алайда неге екені осындай реакция берді", - дейді Бас дәрігер.

Оның айтуынша, әйел 10 күн бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, ол көз жұмды. Өлімнің себебін анықтау үшін әйелдің денесі сойылатын болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети