Бішкекте ереуілшілер қытайларға азаматтық бермеуді талап етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kaktus.media © kaktus.media

Бішкекте Ала-Тоо алаңында ереуіл болып жатыр. Наразылық акциясына 300-ге жуық адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды 24.kg.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте Ала-Тоо алаңында ереуіл болып жатыр. Наразылық акциясына 300-ге жуық адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды 24.kg.

Ереуілге шыққандардың басты талабы - этникалық қырғыздардан бөлек, Қытай азаматтарына Қырғызстанда азаматтық беруге мораторий жариялау.

Sputnik Кыргызстан басылымы ереуілге шыққандардың Қытайға берешек мемлекеттік қарызды қайтаруды талап етіп, айыппұлдарды төмендетіп, ҚХР азаматтарына еңбек квотасын беруді тоқтатуды талап еткенін жазды. Олар "Қоғамдық бақылау" ұйымын құрып, оны депутаттарға заң жүзінде іске асыруын талап етіп жатыр. 


© Sputnik.kg

Акцияны ұйымдастырушы "Кырк чоро" көшбасшысы Аманбол Бабакулов ереуілді ресми түрде әнұранмен бастады. Оны басқа да қатысушылар қолдады. Ол адамдардың арандатуға жол берілмеуіне және тәртіп сақтауға шақырды. 


Фото: Sputnik.kg

Кnews.kg басылымы Қырғызстанда соңғы екі айда антиқытайлық көңіл-күй жүріп жатқанын жазды. Елдің ресми тұлғалары, оның ішінде президент Сооронбай Жээнбеков Пекинмен арақатынасты бұзғысы келетіндердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді. 


© Sputnik.kg

Басылым мәліметінше, қырғызстандық белсенділер бірінші рет наразылық акциясын бейбіт түрде 20 желтоқсанда Бішкектегі Қытай елшілігінің алдында өткізген. 

Белсенділер 7 қаңтарда екінші рет өздеріне назар аудартты. Ол кезде Бішкектің орталық алаңына 300-ден аса адам шығып, қытайлықтарға азаматтық бермеуді талап еткен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro