06 қыркүйек 2016 18:01

Бішкекте Қытай елшілігіндегі жарылысты Тәжікстан тумасы жасаған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© svodka.akipress.org © svodka.akipress.org

Бішкекте Қытай елшілігіндегі жарылысты Тәжікстан тумасы жасаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Аkipress.org.


Бішкекте Қытай елшілігіндегі жарылысты Тәжікстан тумасы жасаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Аkipress.org.

Дереккөздің мәліметінше, болжам бойынша Тәжікстанның Колхозабад ауылының тумасы, 1995 жылы туған Бобозонов Фирдавс Муминжанович күдікті ретінде танылуы мүмкін.

Ол Қырғызстан Республикасының базасында 2016 жылы Ош қаласы арқылы Ыстамбұл - Ош рейсімен шекарадан өтіп, содан кейін Бішкек қаласына келген. Барлық жерде өзін Әлібек Кочкоров деп таныстырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекеттік нөмірі S9417Q көк түсті Mitsubishi Delica көлігінің жарылғаны анықталған.

Автокөлік 1977 жылы туған Токмок қаласында тұратын Б.Г. есімді азаматшаға тиесілі. Көлік оның ағасының атына жазылған. Оның айтуынша 2016 жылдың 10 шілдесінде "Азамат" көлік базарында Жалал-Абад облысының Таш-кумыр қаласында тұратын Кочкоров Әлібек Машираповичке сатқанын айтады. 

Еске салайық, Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінде жарылысты жанкешті жасаған. Mitsubishi Delica маркалы көлік дипломатиялық ведомствоның қақпасын соғып, кіріп, жарылған. Салдарынан лаңкес қаза тапты, ал елшіліктің үш қызметкері жарақат алып, ауруханада жатыр. Жарақат алғандар Қырғызстанның азаматтары.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети