08 шілде 2014 19:18

БҰҰ өзінің біржынысты некедегі қызметкерлеріне жеңілдіктер жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Ұлттар Ұйымы өз қызметкерлерінің тіркеуде тұрған бір жынысты некелерін, ол азаматтардың елінде мұндай заң қарастырылмаса да алдағы уақытта мойындайды, - деп хабарлайды NEWSru.co.il. Бұл ерлі-зайыптыларға міндеттелген барлық сыйақы мен жеңілдіктерді алуға көмектеседі. 

Бұған дейін БҰҰ гомосексуальды некеге рұқсат етілген елдердің үш қызметкерінің некесін мойындаған. Енді жаңа заң бойынша жұбайына медициналық сақтандыруды төлету үшін, демалысқа бірге бару секілді жеңілдіктерді алу үшін оларға некесін кез келген мемлекетте тіркеу жеткілікті. 

Біржыныстыларға қатысты жаңа заң үстіміздегі жылдың 26 маусымында күшіне еніп, бүгінде бүкіл әлем бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының 43 мың қызметкері бұл заң бойынша тіркеуге тұрған. Дегенмен, бұл заң БҰҰ аясындағы ЮНИСЕФ немесе ЮНЕСКО сынды жеке агентіктерге таралмайды. 

Айта кетейік, UN-Globe ұйымы (ЛГТБ - БҰҰ қызметкерлері арасындағы өз мүшелерінің мүддесін қорғайтын ұйым) 1997 жылдан бері БҰҰ-ны біржынысты некелерді  мақұлдауға мәжбүрлеп келеді. "Осы уақытқа дейінгі жағдайымыз бізге көптеген қиыншылықтар мен қасірет алып келді. Біздің көпшілігіміз екінші сыңарымызға медициналық сақтандыру алуға байланысты қиындықтарға тап болатынбыз. Біз өте қуаныштымыз, біз үшін бұл үлкен жеңіс", - дейді ұйымның президенті Хен Хак Нам. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети