29 шілде 2015 14:24

ДАИШ құрамында 100-ден аса елдің азаматтары соғысып жатыр - ФҚҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазіргі уақытта ДАИШ құрамында 100-ден аса елдің азаматтары соғысып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковқа сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта ДАИШ құрамында 100-ден аса елдің азаматтары соғысып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковқа сілтеме жасап.

"Неофиттердің шығатын елдерінің географиясы кеңейіп жатыр, жиһадқа кететіндердің әртүрлілігі мен түрлі ұлттан және әлеуметтің түрлі деңгейінде екендіктері ДАИШ-тың насихат майданында күшейіп кеткенін көрсетіп отыр, олар бұл салада белсенді әрекет етіп жатыр және өзінің "күн тәртібін" таңады", - деді ФҚҚ директоры.

Оның айтуынша, бұл лаңкестік ұйым насихат саласында күшейді, ал әлемде қажетті шаралар кешігіп жүргізіледі.

"Осыны пайдаланған исламшылар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада тұрақтанып алып, Еуропа мен Азияға бағыт алып отыр. Содырлар нүктелі соққылар жасау әдісінен толықмасштабты әскери операцияны жүзеге асыру мен қауіпті қаруларды қолдану арқылы әскери әрекетерге көшті", - деді Бортников.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети