03 желтоқсан 2015 09:18

ДАИШ "ресейлік тыңшының" өлім жазасына кесілгені бейнеленген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter.com/Rita_Katz © Twitter.com/Rita_Katz

ДАИШ террорлық ұйымының содырлары "ресейлік тыңшының" өлім жазасына кесілгені бейнеленген видеоны жариялады, - деп хабарлайды SITE бақылау тобы.


ДАИШ террорлық ұйымының содырлары "ресейлік тыңшының" өлім жазасына кесілгені бейнеленген видеоны жариялады, - деп хабарлайды SITE бақылау тобы.

Сирияның Эр-Ракка қаласына жақын маңда түсірілген видеода қолында пышағы бар, бетперде кимеген орыс тілді лаңкес ресейлік биліктің Сирияға жіберген тыңшысының басын кесіп алатынын айтқан. Сонымен қатар, содыр Сирия аумағына жасаған әуе шабуылдарына жауап ретінде Ресейде террорлық әрекет ұйымдастыратынын айтып, ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін ДАИШ ұйымы Ресейге күш көрсететінін мәлімдеген видеосын Интернетте жариялаған болатын. Содырлар "таяу арада Ресей территориясында қанды шабуылдар жасайтынын" айтып, уәде береді. "Таяуда, жақын арада қан теңіздей болып ағады", - делінген видеоүндеуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети