10 қараша 2015 09:32

ДАИШ содырлары сириялық 200 баланы ату сәтін видеоға түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mirror.co.uk © mirror.co.uk

ДАИШ террорлық қозғалысымен күрес бойынша Йеменде орналасқан белсенділер Интернетте содырлардың 200 баланы атып тастағаны бейнеленген адам шошырлық видеоны жария етті, - деп хабарлайды Mirror Online


ДАИШ террорлық қозғалысымен күрес бойынша Йеменде орналасқан белсенділер Интернетте содырлардың 200 баланы атып тастағаны бейнеленген адам шошырлық видеоны жария етті, - деп хабарлайды Mirror Online

Оқиғаның видеосын дүйсенбі күні батыстың және Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары жариялады. Видеода содырлар балаларды атпастан бұрын олардың қолдары байлап, екпеттерінен жатқызып қойғаны көрінеді. Бұдан кейін содырлар автоматпен ата бастайды. 

Басылымның мәліметінше, видеоның түпнұсқа екенін дәлелдеу әзірше мүмкін емес, бірақ ДАИШ содырларының бұған дейін де кепілге алған адамдарды, олардың ішінде жасөспірімдер мен балаларды атып, видеоға түсіргені айтылады.

Өз кезегінде Daily Mail басылымы болса балаларды ату оқиғасының 2014 жылдың тамыз айында болғанын болжайды. Басылымның мәліметінше, роликте Башар Асадтың армиясының жауынгерлері. Алайда мұнда да газет дәлел келтірмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети