14 қазан 2021 | 09:07

ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа ғалымдар тобын таныстырды

Фто: Reuters Фто: Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың шығу тегін және басқа да ауруларды анықтаумен айналысатын жаңа ғалымдар тобын таныстырды, - деп хабарлайды Reuters.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың шығу тегін және басқа да ауруларды анықтаумен айналысатын жаңа ғалымдар тобын таныстырды, - деп хабарлайды Reuters.

Топ құрамында АҚШ және Қытай, сондай-ақ 24 елдің ғалымдары бар. Олар қоғамдық кеңестердің қысқа кезеңінен кейін ресми түрде рәсімделеді. Топ Жаңа қоздырғыштардың пайда болуы бойынша ғылыми-кеңес беру тобы (SAGO) деп аталды. Ғалымдар коронавирустың шығу тегін зерттеумен қатар, болашақта өршуі мүмкін вирус ошақтарын анықтаумен айналысады.  


© REUTERS

SAGO құрамында ДДСҰ-ның осының алдындағы миссия мүшелері де болады, алайда топта көбіне жаңа ғалымдар. Ұйым өкілдерінің сөзінше, осы сала бойынша мамандандырылған 700-ге жуық адам команда құрамында болуға өтініш тастаған. Олар екі жыл бойы ешқандай ақысыз жұмыс істейтін болады. 

ДДСҰ жаңа аурулар бөлімінің басшысы Мария ван Керкхове топ Қытайда және басқа да елдерде жаңа миссияларды орындайды деп үміттеніп отыр.  

Еске салайық, кеше, 13 қазанда Қытай COVID-19-дың шығу тегін анықтауға кіріскені хабарланған болатын. Қытай ғалымдары коронавирустың шыққан тегін анықтау үшін Ухань тұрғындарынан жиналған ондаған мың қан үлгілерін зерттейді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы баяндамасында қаңтар мен ақпанда Қытайдың орталық қаласына барып, аурудың алғашқы кезеңінде жиналған қан үлгілерінің вирусқа қарсы антиденелері бар-жоғын анықтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети