19 маусым 2015 10:28

Джохар Царнаевтың тағы бір досы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хайрулложон Матанов сот залында. Скетч © pinterest.com Хайрулложон Матанов сот залында. Скетч © pinterest.com

Джохар Царнаевтың тағы бір досы сотталды, - деп хабарлайды "РИА Новости".


Джохар Царнаевтың тағы бір досы сотталды, - деп хабарлайды "РИА Новости".

Агенттіктің мәліметінше, Хайрулложон Матанов (Khairullozhon Matanov) тергеуден ақпаратты жасырғаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптаушылардың тұжырымы бойынша, Матанов теракт жасалған күні ағайынды Царнаевтармен кездесіп, кешкі ас ішкен. Алайда ол бұл туралы тергеушілерге тіс жармапты.

"Сонымен қатар, Матановтың Царнаевпен таныс екенін куәландыратын материалдарды өз компьютерінен жойып жібергені анықталды. Қырғыстаннан АҚШ-қа жеткізілген Матанов өз кінәсін мойындап, тергеумен келісім жасасты", - деп хабарлайды агенттіктегілер.

Бейсенбі күні болған сотта ол тергеуге жалған сөйлегені үшін кешірім сұрап, бұл қылығын қателік деп атады. Ал бұл істі жүргізген судья Уильям Янг оның лаңкестік туралы білмегенін растады. "Сен жарылыстың дайындалып жатқаны туралы білмедің, бірақ бізге сенің көмегің ғана керек еді", - деді судья.

Еске сала кетейік, Джохар Царнаев ағасы Тамерланмен бірге 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан үш адам қайтыс болған еді, тағы 260 адам жарақат алды. Ал Джохар Царнаев полицияның арнайы іс-қимылы барысында қолға түсіп, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Тамерлан 19 сәуірде полициямен атысып, қаза тапты. Ал мамыр айында АҚШ алқа соты Джохар Царнаевты 2013 жылы сәуір айында Бостондағы марафон кезінде лаңкестік жасағаны үшін өлім жазасына кесті.

Ал бұл іске қатысы бар қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов америкалық соттың алдына 2013 жылдың сәуір айында болған Бостондағы лаңкестікке кедергі келтірді деген айыппен келген болатын. Азамат Тәжаяқов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған. 2 маусымда Диас Қадырбаев америкалық сот төрелігіне кедергі келтіргені үшін алты жылға сотталған еді. Сотта ол өз танысы Царнаевты танығаннан кейін полицияға телефон соқпағанын мойындады. Сонымен қатар, Диас Қадырбаев Царнаевтың жатақханадағы бөлмесінен заттарды жинағанын, осылайша тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети