06 ақпан 2015 16:39

ЕАЭО ұлттық экономикалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады - Медведев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы алдында. ©РИА Новости Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы алдында. ©РИА Новости

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) оған мүше елдер экономикасының тұрақты әрі теңдестірілген дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, ал бизнес әмбебап ережелер бойынша жұмыс істеуге қол жеткізеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алғашқы отырысын ашқан РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев осылай деп мәлімдеді. 


Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) оған мүше елдер экономикасының тұрақты әрі теңдестірілген дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, ал бизнес әмбебап ережелер бойынша жұмыс істеуге қол жеткізеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Мәскеуде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алғашқы отырысын ашқан РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев осылай деп мәлімдеді. 

"1 қаңтарда одағымыз жұмысын бастады. Ол біздің экономикалардың тұрақты, теңдестірілген дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бизнес әмбебап ережелер бойынша жұмыс істеуге қол жеткізетін болады деп үміттенеміз. Сауда және инвестиция ағынын арттыруға жағдай жасалатын болады", - деді Медведев. Оның айтуынша, кеңес жұмысының форматында шешімдердің негізгі бөлігі қабылданады. ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы жылына төрт рет өткізілетін болады. 

Медведев кеңес жұмысы шеңберінде қол қойылатын келісімдердің қолданбалы әрі өзара тиімді сипатқа ие болатынын, сауда байланыстарын тәжірибе жүзінде нығайту мен арттыруға және бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ашуға ықпал ететінін айтты. 

"Тағы бір мәселе тауарларды маркалауды енгізу жөніндегі пилот жобаны қаржыландыруға байланысты. Біз бұл жөнінде Ашхабадта уағдаластық. Жеңіл өнеркәсіп нарығы мейлінше сыйымды, ол импорттың айтарлықтай үлесінен тұрады. Бізге белгілі себептерге байланысты онда түрлі қара және сұр схемалар белсенді қолданылады. Сондықтан бізге әкімшілендірудің түсінікті әрі нақты тәртібі керек, содан кейін механизмнің жұмыс істегенін көрген кезде маркалауды тауарлардың өзге түріне ауыстырамыз", - деді РФ үкіметінің басшысы. 

Еске салайық, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей, Беларусь пен Қазақстан 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойған болатын. 2015 жылдың 2 қаңтары күні одаққа Армения қосылды, мамыр айында ЕАЭО-ға Қырғызстан мүше болуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети