03 қазан 2014 10:47

Эбола безгегін тағы бір америкалық жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Либерияның NBC News телеарнасында штаттын тыс жұмысшы болып қызмет ететін АҚШ азаматы Эбола безгегін жұқтырды. 33 жастағы ер адамнан бұл аурудың белгілері 1 қазанда табылған, осыдан кейін оны дереу оқшаулауға алған. 


Либерияның NBC News телеарнасында штаттын тыс жұмысшы болып қызмет ететін АҚШ азаматы Эбола безгегін жұқтырды. 33 жастағы ер адамнан бұл аурудың белгілері 1 қазанда табылған, осыдан кейін оны дереу оқшаулауға алған. 

Алынған анализдер ер кісіде адам өміріне өте қауіпті Эбола вирусы бар екендігін көрсетті. "Біз оған мүмкіндігімізше жақсы күтім жасауға тырысамыз. Оны ұшақпен АҚШ-қа жеткізіп, Эбола ауруын емдейтін медициналық орталыққа жатқызамыз", - дейді NBC News арнасының басшысы Дебора Тернесс.

Айта кетейік, бұдан бұрын Либерияда үш американдық дәрігер Эбола безгегін жұқтырған болатын. Сондай-ақ АҚШ-қа осы ауруды жұқтырған Либерия азаматы Томас Эрик Дункан да келді. Қазір ол Далластағы ауруханада емделіп жатыр. 

Еске сала кетейік, Эбола безгегі осы жылдың ақпан айында Батыс Африка территориясынан тараған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан соңғы дерегіне қарағанда, Эбола безгегінен 3 338 адам қайтыс болған, 7 178 адам осы вирусты жұқтырған. Бұл вирусқа қарсы тиімді вакцина әлі шыққан жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети