12 тамыз 2014 09:30

Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны мыңнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Африкада аса қауіпті Эбола безгегін жұқтырғандар арасында 1013 адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.


Батыс Африкада аса қауіпті Эбола безгегін жұқтырғандар арасында 1013 адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) таратқан соңғы мәліметіне қарағанда, адам денсаулығына қауіпті бұл вирусты жұқтырғандар саны 1848 адамға жеткен екен. Бұған дейін ДДҰ Эбола вирусын халықаралық маңызға ие төтенше жағдай ретінде жариялаған болатын. Сол себепті вирусты жұқтырғандарға аурудың кең таралып кетпес үшін шет елдерге шықпауларына кеңес берілген.

Эбола қанды безгегі адам денсаулығы үшін аса қауіпті болып саналады. Аурудың бұл түрі адамдарға бір бірімен күнделікті тұрмыс жағдайында да жұғып, өте қысқа мерзімде қанменен араласып кетеді.  Ол тіпті науқастанған адам пайдаланған ыдыс-аяқ арқылы да жұға береді. Эбола вирусына қарсы қолданатын вакцинада, оны емдеп шығаратын арнайы тәсіл де жоқ

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети