24 қаңтар 2015 12:32

Елизавета ІІ әлемдегі ең егде монарх атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясы королі, Қос киенің сақшысы Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Саудтың өлімінен кейін Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ әлемдегі ең егде монарх атанды, бұл туралы The Telegraph жазады. 


Сауд Арабиясы королі, Қос киенің сақшысы Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Саудтың өлімінен кейін Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ әлемдегі ең егде монарх атанды, бұл туралы The Telegraph жазады. 

Сауд Арабиясының королі 23 қаңтар күні 91 жасқа қараған шағында өмірден өткен болатын. Ол Ұлыбритания патшайымынан екі жасқа үлкен еді. Патшайым осы жылдың 21 сәуірінде 89 жасқа толады. Әлемнің ең егде билеушілері қатарында одан кейінгі орындарда 87 жастағы монархтар - Малайзия королі Абдул Халим Муадзам Шах және Таиланд королі Пумипон Адульядет тұр.

Басылымның хабарлауынша, Елизавета ІІ биыл тақта ұзақ отыру жөнінен рекорд жасауы мүмкін. Әзірше бұл рекорд елді 1837 жылдың 20 маусымынан 1901 жылдың 22 қаңтарына дейін 63 жыл 7 ай және үш күн билеген Виктория патшайымға тиесілі. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында отырған Елизавета ІІ мәртебелі орнынан 2015 жылдың 10 қыркүйегіне дейін түспесе, бұл жағынан үлкен әжесін басып озады. 

Ақпарат құралдарының мәліметінше, өткен жылдың қараша айында ағылшын полициясы патшайымға жасалмақ болған қастандықтың алдын алды, кісі өлтіруге әрекеттенген 19-27 жас аралығындағы төрт адам ұсталды. Олар Альберт-холда Ағылшын королі легионын еске алуға арналған фестиваль кезінде монархқа пышақ салуды ойластырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети