07 қазан 2016 16:07

Елінде бейбітшілік орнатқан Колумбия президенті Нобель сыйлығын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

proishestviya.com proishestviya.com

Нобельдің бейбітшілік жүлдесі Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді, - деп хабарлайды 24 Хабар.


Нобельдің бейбітшілік жүлдесі Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді, - деп хабарлайды 24 Хабар.

Норвегиядағы Нобель комитеті бейбітшілік жүлдесін Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берді. Жыл сайын табысталатын айтулы жүлде Сантостың Колумбияда 50 жылдан бері бітпей келе жатқан азаматтық соғысты тоқтату жолында жұмсап жүрген күш-жігері үшін берген.

Осыған дейін, Физика саласы бойынша 2016 жылғы Нобель сыйлығы топологиялық ауысулар мен материяның топологиялық фазасын ашқаны үшін Девид Тоулесс, Данкан Халдейн мен Майкл Костерлитц деген ғалымдарға бұйырғанын хабарланған. 

Сондай-ақ, 2016 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығы жапон ғалымы Йосинори Охсумиге берілді. Бұл туралы дүйсенбіде Стокгольмде Каролин медициналық институтының Нобель сыйлығы комитетіндегілер мәлімдеді. Ғалымға бұл сыйлық оның аутофагияның жұмыс істеу механизмін анықтай алғаны үшін берілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети