15 желтоқсан 2016 13:02

Филиппиннің адам өлтіргенін мойындаған президентіне импичмент жариялануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP © AP

Адамдарды өлтіргенін мойындаған Филиппин президенті Родриго Дутертеге импичмент жарияланауы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости шетел ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Айта кетейік, осыған дейін Филиппин президенті есірткі сатушыларды өз қолымен өлтіргенін мәлімдеген болатын.

Президенттің бұл мәлімдемесінен кейін сенатор Лейла да Лима Филиппин президентінің жасаған қылмыстары үшін оған импичмент жариялануы мүмкін екенін хабарлады. "Бұл қоғамдарғылардың сенімінен шығу деген сөз. Бұл - ауыр қылмыс түрлері, себебі бірнеше адамды өлтіру қылмыстың ауыр түріне жатады. Ал Конституция бойынша қылмыстың ауыр түрлерін жасаған адамға импичмент жарияланды", - деді сенатор.

Мамыр айында президент болып сайланған Родриго Дутерте есірткіге тәуелді адамдармен, сондай-ақ, есірткі сататындармен күресіп келген. Полицейлердің соңғы мәліметтері бойынша, Дутерте билікке келгелі бері елде есірткі саудасына қатысы бар шамамен 3 мың адам өлтірілген. "Даваода мотоциклмен жүріп, көшелерде күзетте жүрдім. Мен расында да біреуді өлтіру үшін ұрыс-қағыс болып жатқан аумақтарды іздедім", - деген еді Филиппин президенті Родриго Дутерте бұл әрекетін әлі де жалғастыра беретінін айта отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети