05 ақпан 2016 12:26

Франция дүкендерінде тағамдарды лақтыруға ресми түрде тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Франция Сенаты супермаркеттерде тағамдарды лақтыруға тыйым салу туралы заң қабылдады, - деп хабарлайды "Газета.Ru" жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Франция Сенаты супермаркеттерде тағамдарды лақтыруға тыйым салу туралы заң қабылдады, - деп хабарлайды "Газета.Ru" жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 5 ақпаннан бастап ірі дүкендер жақын арада сақтау мерзімі өтетін тағамдарды тастай алмайды. Олар мұндай тағамдарды мұқтаж адамдарға таратып беретін қайырымдылық ұйымдарына өткізеді.

Айта кетейік, тағамдарды қоқысқа лақтырған дүкендерге жаза қолданылады. Дегенмен дүкен қызметкерлерінің сақтау мерзімі өткен тағамдарды әдейі жеуге жарамсыз етіп жатқаны белгілі болды. Осы заңның қабылдануына бастамашы болған белсенділер болса ондайларға Еуропалық Кеңес деңгейінде шара қолдану керек дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети