Роберт Кох институты (Германия Денсаулық сақтау министрлігіне бағынады) Германия дүйсенбі, 20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияны COVID мутациясының таралу аймақтарына жатқызатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Институттың мәліметінше, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігін, Ұлыбританияның барлық аумағын вирустық мутация кең таралған аймақтарға жатқызу 20 желтоқсан күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Осы аумақтан келгендер Германияда 14 күндік карантиннен өтеді. Бұл талап коронавирусқа қарсы екпе алғандарға және COVID-19-дан айыққандарға да қатысты. Карантин мерзімін қысқарту мүмкін емес.
Қазір Кох институты жасаған мутацияның таралуы байқалған елдердің тізімінде Ботсвана, Эсватини, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Оңтүстік Африка және Зимбабве бар. Тізім 3 қаңтарға дейін өзекті, содан кейін оны өзгертуге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!