13 маусым 2016 01:09

Гей-клубтағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр: 50 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NBCnews © NBCnews

Орландодағы Pulse гей-клубындағы атыстан қаза тапқандардың саны 50-ге жетті, тағы 53 адам жарақат алған. Бұл туралы қала мэрі Бадди Дайер мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.


Орландодағы Pulse гей-клубындағы атыстан қаза тапқандардың саны 50-ге жетті, тағы 53 адам жарақат алған. Бұл туралы қала мэрі Бадди Дайер мәлімдеді, - деп хабарлайды CNN.

Басылымның мәліметінше, атысты 29 жастағы америкалық азамат Ауғанстан тумасы Омар Матин (Omar Mateen) шығарған. 12 маусымға қараған түні ер адам AR-15 автоматы мен тапаншаны алып, түнгі клубқа кіргеннен кейін барлығын ата бастаған. Кейін шамамен жүз адамды кепілге алған. Үш сағаттан кейін полицейлер ғимараттың есігін сындырып кіріп, адамдарды босатады. Атыс барысында қылмыскердің көзі жойылды.

Бұл атыс видеоға түсіріліпті:

Америкалық БАҚ-тардың мәліметінше, Матин екі ер адамның сүйісіп тұрғанын көріп, ашуға берілген.

Күдікті: 29 жастағы Омар Матин Флоридадағы Порт-Сент-Люси қалашығында тұрады. © NBC News

Орландо мэрінің айтуынша, кепілге алынғандар екі жерде болған. Бірнеше адам шабуылдаған адаммен, ал 15-25 адамы бар екінші топ басқа бөлмеде болыпты.

"Біз бұл бөлменің қабырғасын брондалған автокөлікпен бұзып кіріп, адамдарды босаттық. Шабуылдаған адам есікті ашып, өз бөлмесінен шықты да, ата бастады, сол уақытта ол өлтірілді", - деп келтіреді қала басшысының сөзін РИА Новости.


© EPA/Twitter

CNN мәліметінше, Орландодағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр. 

Ал АҚШ конгрессінің мүшесі Адам Шифф қайғылы оқиғадан кейін күдікті Омар Матиннің ДАИШ-қа ант бергенін мәлімдеді. Конгрессмен шабуылдың мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан кезінде жасалып, сексуалдық азшылық өкілдеріне бағытталғанын айтты.

CNN басылымының полициядағы дереккөздері Матиннің гей-клубқа шабуыл жасаған кезінде 911-ге телефон соғып, ДАИШ-пен байланысы жайлы айтып, сонымен қатар Бостондағы терактіні еске алғанын хабарлады. 


© Reuters/Twitter/Getty Images

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети