11 шілде 2015 21:10

Хакерлер ДАИШ (ИМ) ұйымының жазалау сәттері бейнеленген видеосын АҚШ-тың ұйымдастырғанын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Rutube.ru © Rutube.ru

"КиберБеркут" ұйымының хакерлері сайттарында "Ислам Мемлекеті" (ДАИШ) делінген ұйымның содырларының адам өлтіріп жатқаны сахналанған кино павильонында түсірілген видеосын жариялады.


"КиберБеркут" ұйымының хакерлері сайттарында "Ислам Мемлекеті" (ДАИШ) делінген ұйымның содырларының адам өлтіріп жатқаны сахналанған кино павильонында түсірілген видеосын жариялады.

"КиберБеркут" хабарламасы бойынша, "жоғарғы мәнге ие" видео сенатор Джон Маккейннің қызметтестерінің бірінің Украинаға сапары кезінде алып бара жатқан құрылғысынан табылған. "Құрметті сенатор Маккейн! Келесі жолы, әсіресе Украинаға бара жатқан кезде құпия құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүрмеуге кеңес береміз", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда өткен баспасөз отырысында Американың ИМ ұйымына тез арада әскер дайындап жатқанын хабарлаған болатын. Обаманың бұл мәлімдемесін көбісі Ақ үй басшысы лаңкестік ұйыммен байланысын абайсызда айтып қалды деп есептеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети