30 маусым 2015 13:14

Индонезияда қонақүйге ұшақ құлады: 30 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter.com/‏@karobukanbatakk Twitter.com/‏@karobukanbatakk

Индонезияның астанасының провинциясы Солтүстік Суматра Меданда Hercules C-130 әскери ұшағы әуеде жарылғаннан кейін қонақүйге құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Әуе кемесі Golden Eleve қонақүйіне құлаудан бұрын екі ғимаратты жанап өтті.

Ұшақтың Медан әскери базасынан ұшып шыққаны және Натуна аралына бағыт алғаны анықталды. Қазіргі уақытта 30 адамның қаза болғаны хабарланып отыр. "Соңғы мәліметтерге қарағанда, 30 адам қаза тапты... Қайтыс болғандардың саны өсуі мүмкін", - деп мәлімледеді Индонезияның құтқару қызметінің өкілі Хисара Турнипа. Қазіргі уақытта апат орны өртеніп жатыр, оқиға орнында ондаған арнайы машина бар. Зардап шеккендер Адам Малик атындағы ауруханаға түсіп жатыр.

Ал AFP мәліметінше, полиция алты адамның қаза болғанын растады. "Мәйіттер ұшақ пен ғимараттың қирандыларының арасында. Оларды бір-бірлеп шығарып жатырмыз", - деді Медан қалалық полициясының басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети