14 желтоқсан 2014 12:06

Индонезияда көшкін салдарынан 80-нен астан адам жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Құтқарушылар Индонезияның Орталық Ява провинциясында жұма күні кешке болған көшкіннің салдарынан қаза болған 24 адамның денесін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.


Құтқарушылар Индонезияның Орталық Ява провинциясында жұма күні кешке болған көшкіннің салдарынан қаза болған 24 адамның денесін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, көшкін салдарынан 19 адам қаза болып, 108 адам із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Индонезия табиғи апат салдарының алдын-алу басқармасы (BNPB) ақпараттық орталығының өкілі Сутопо Пурво Нугрохоның агенттікке айтқан мәліметі бойынша, көшкіннің салдарынан бүгінде 24 адам қаза болып, 84 адам жоғалып кеткен. 

Оның мәліметіне қарағанда, жексенбі күні құтқарушылар ауыр жүктерді көтере алатын арнайы техникаларды пайдалануға көшкен. "Біз көшкін болғаннан кейін бірден бұл құрылғыны пайдалана алмадық. Себебі, біз топырақтың тығыздығын білуіміз керек еді", - дейді ол. 

БАҚ мәліметі бойынша, табиғи апат толассыз жауған жаңбырдан кейін болған. Қазіргі уақытта 570-тен астан жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға уақытша тұрақ берілген. BNPB мәліметі бойынша, іздеу және құқтару жұмыстарына екі жүздей адам қатысып жатыр. Елдің президенті Джоко Видодо бұған дейін құтқару жұмыстары кезінде қанша косымша күш керек екенін анықтау үшін оқиға болған жерге баратынын айтқан. "Қосымша көмек көрсету қиын емес. Бастысы - біз адамдарды тезірек құтқарсақ болды", - деді ол. 

Индонезияда көшкін жиі болып тұрады. Әсіресе жауын маусымында. Оның салдарынан қаза болған адамандардың да саны көп. Себебі, миллиондаған индонезиялық тұрғындар 17 мыңнан астам аралдан құралған таулы аймақтарда өмір сүреді. 

 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети