30 қараша 2015 16:54

Интерпол Түркияға Қазақстан арқылы қашқан экстремистерді ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тилек уулу Әлібек және Бейшеналиев Ырысқұл Тилек уулу Әлібек және Бейшеналиев Ырысқұл

Бішкектегі әйгілі дінтанушы Қадыр Мәліковті өлтірмек болған екі экстремисті Интерпол қызметкерлері Түркиядан ұстады. Бұл туралы тілшілермен кездесу барысында Интерполдың қырғызстандық бөлімінің қызметкері Таалайбек Сарымсақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бішкектегі әйгілі дінтанушы Қадыр Мәліковті өлтірмек болған екі экстремисті Интерпол қызметкерлері Түркиядан ұстады. Бұл туралы тілшілермен кездесу барысында Интерполдың қырғызстандық бөлімінің қызметкері Таалайбек Сарымсақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің әріптестер өте жедел қимылдады. Шабуыл жасағандар бір тәулік ішінде Түркия-Сирия шекарасындағы Газиантеп қаласында шекараны кесіп өтпек болған кезде ұсталды. Автовокзалда оларды Интерпол қызметкерлері ұстады", - деді Таалайбек Сарымсақов. 

Жақын арада Тилек уулу Әлібек және Бейшеналиев Ырысқұл Бішкекке жеткізіліп, соттың алдында жауап береді.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда дінтанушы Қадыр Мәліковке шабуыл жасаған экстремистер қылмыс жасағаннан кейін дереу Қазақстанға өтіп, Түркияға ұшқан. Қырғызстанда олардың сыбайластары ұсталды. Олардың тұрған жерінен экстремистік мазмұндағы кітаптар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы және іздеу жарияланған экстремистердің арасында бар-жоғы анықталып жатыр.

2015 жылы 26 қарашада Бішкектің "Асанбай" ықшамауданындағы "Народный" дүкенінің маңында дінтанушы Қадыр Мәліковке шабуыл жасалған болатын. Ол беті мен мойын тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алды. Мәліковке операция жасалды. Қазір ол сауығып келе жатыр. Қырғызстан ІІМ әуелі "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін оны "Адам өлтіруге оқталу" бабына өзгертті. Қырғызстан ІІМ болжамынша, шабуылдың Мәліковтің қызметіне қатысы жоқ. Тергеу барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері экстремистердің ізіне түсті. Еске сала кетейік, соңғы кездері Қадыр Мәліков ДАИШ тарапынан Орталық Азияға келетін қауіп туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети