27 маусым 2014 11:23

Ирак және Леванта ислам мемлекеті қазақстандықтарды өз қатарына тартуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ирак және Леванта ислам мемлекеті қазақстандықтарды өз қатарына тартуда. Бұған дейін Сирия жерінде билік әскерлеріне қарсы соғысқан Қазақстан азаматтары енді Иракта жүр. Заманауи терроризмнің мәселелері туралы және радикалды ұйымдардың өркендеуінің жаңа тенденциялары жайлы Tengrinews.kz тілшісімен болған сұхбатта Терроризммен күрес мәселелерін сараптап жүрген саясаттанушы Ерлан Қарин айтып берді.


"Ирак және Леванта ислам мемлекеті қазақстандықтарды өз қатарына тартуда. Бұған дейін Сирия жерінде билік әскерлеріне қарсы соғысқан Қазақстан азаматтары енді Иракта жүр. Заманауи терроризмнің мәселелері туралы және радикалды ұйымдардың өркендеуінің жаңа тенденциялары жайлы Tengrinews.kz тілшісімен болған сұхбатта Терроризммен күрес мәселелерін сараптап жүрген саясаттанушы Ерлан Қарин айтып берді.

"Кеше, алдыңғы күні Ирак және Леванта ислам мемлекетіне басқа елдерден жасақшылар келіп жатқаны және олардың құжатына Ирак және Леванта ислам мемлекетін қолдайды деген штамп қойылғаны жайлы бейнежазбалар мен суреттер пайда болды. Олар бұрынғыдай құжаттарды жағып жібермейді, мемлекет ретінде құжаттарына штамп соғып береді. Штамп басылған құжаттар ішінде қазақстандық паспорттың да көшірмесі бар. Ирак және Леванта ислам мемлекеті саяси тұрғыдан сауатты әрекет етпегенмен, әскери тұрғыдан мықты әрекет ететінін көрсетіп отыр (арнай операциялар жүргізу, қалаларды басып алу).

Сарапшының пайымдауынша, бірқатар террорлық ұйымдар құрамына жасақшылар тартуда белсенді жұмыс жүргізуде, сондай-ақ Орта Азия аумағынан да. "Өзге топтардан айырмашылығы бұл топтарды Қазақстаннан және Орта Азияның өзге де елдерінен келген жасақшылар құрайды. Олардың саны аз болғанмен, өзгелермен салыстырғанда өте белсенді және өте радикалды. Олар жетекші орынға шығуда. Мысалы, мамыр айында сайттардың бірінде Ирак және Леванта ислам мемлекеті жасақшыларының командирі, қазақстандық азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратылды. Бізге жетпей тұрғаны осы еді, біздің азаматтар жасақшылар қатарында соғысып қана қоймай, басқарушылар қатарында жүр. Біз қазір мұны көріп, сараптап отырмыз. Қазір Сирияда этникалық отрядтар құрылып жатыр. Олардың басым бөлігі өзбектер. Қазірге екі өзбек тобы бар екені анықталып отыр. Бұл жасақшыларды болашақта өз елдеріне қарсы пайдалануы мүмкін. Ол болып та жатыр. Мысалы, Қырғызстанда Сириядан қайтып келіп, өз елінде теракт жасамақ болған осы елдің 25 азаматы түрмеге жабылды" дейді ол.

Саясаттанушының айтуынша, бұл террорлық ұйымдардың басқа ұйымдардан өзгешелігі, бұлар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған және күтпеген қадамдар жасайды.

"Олар түсініксіз, өзгеше ұйымдар. Шамасы ол ұйымдарда тек әскери кеңесшілер ғана емес, саяси кеңесшілер де жұмыс атқарады. Ирак және Леванта ислам мемлекеті әскери қимылдан өзге не істейді? Жоғары деңгейде насихат жұмыстарын жүргізеді. Осыдан бірнеше ай бұрын экстремистік сайттардың бірінде Орта Азиядан шыққандардың өз елінің ұлттық паспортын жағып жатқан бейнежазбалар мен суреттер көрсетілді. Олардың арасында Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстаннан шыққандар бар. Бұл ненің бегісі? Олар: "біз енді қайта оралмаймыз, біздің тағдырымыз Ирак және Леванта ислам мемлекетімен байланысты, біз осында қаламыз" деп отыр" деп, сарапшы өз көзқарасымен бөлісті.

Ерлан Қариннің ойынша, кез келген топтың артында белгілі бір мемлекеттердің, арнайы қызметтердің, үкіметтің мүддесі тұр. Ол Ирак және Леванта ислам мемлекетінің де жоқ жерден пайда бола қалмағанын, оның да біреудің құралы екенін айтады. "Бұл жердегі мақсат – Иракты, Сирияны бөлу. Ол қазір жүріп жатыр. Мені бұл жағдайға қатысты батыстың ұстанымы таңқалдырып отыр. Әсіресе, АҚШ-тың" дейді сарапшы.

Терроризм мәселесімен белсенді айналысып жүрген саясаттанушының айтуынша, жағдайдың бәрін алдын ала көріп білу мүмкін емес. Ирак және Леванта ислам мемлекеті Ирактың бірқатар стратегиялық провинцияларын өз қолына алды, олардың қатарында теміржол арқылы Сириямен жалғайтын Анбар провинциясы да бар.

"Жасалған кезекті қадам таңқалдырады. Егер Ирак және Леванта ислам мемлекеті қауіп төндіріп отырса, онда әскери қимылдар жасау керек емес пе. Ал Бағдатқа барған соңғы сапарында Байденнің айтқаны үкіметте саяси өзгерістер жасау, коалициялық үкімет құру. Дәл қазір бұл мәселені саяси жолмен шешуге кеш болғанын бәріміз де біліп отырмыз" деді Ерлан Қарин.

Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда терроризмге қарсы қалай күрес жүргізу керектігі және әлемдегі ондай ұйымдардың артында кімдер тұрғаны жайлы Ерлан Қаринмен болған сұхбаттан оқи аласыздар.

Сұхбаттың толық нұсқасы мына жерде.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети