24 тамыз 2014 18:00

Иракта америкалық журналисті өлтірген адамның кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©youtube.com ©youtube.com

Ағылшын арнайы қызметтері Иракта америкалық журналисті өлтірді деп топшыланған адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды The Sunday Times.


Ағылшын арнайы қызметтері Иракта америкалық журналисті өлтірді деп топшыланған адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды The Sunday Times.

Ағылшын құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, америкалық Джеймс Фоулиді ұлыбританиялық террорист, Джихади Джон есімімен белгілі 23 жастағы Абдель-Маджид Абдель Бари өлтіруі мүмкін. Ол бір жыл бұрын ата-анасының Лондонның батысындағы бір миллион фунт тұратын зәулім үйінен кетіп қалған. Арнайы қызметтер Абдель Баридің жуырда Twitter-де кесілген бастың суретін жариялағанын айтып отыр.

The Independent-тің мәліметінше, кісі өлтіруші L Jinny немесе Lyricist Jinn псевдонимімен өнер көрсететін рэп-орындаушы ретінде де танымал. 2012 жылы оның әндері BBC radio-дан берілген. Джихади Джонның әкесі Абдель Абду Бари әйгілі террорист Усама бен Ладеннің төңірегіндегі адамдардың бірі болды. Ол терроризмге күдікті адам ретінде Ұлыбританиядан АҚШ-қа экстрадицияланған. Айта кетейік, Джеймс Фоулидің өліміне қатысты тергеуді Лондон Интернетке орналастырылған бейнежазбадағы адамның тілінде ағылшын акценті байқалғанынан кейін қолға алған болатын. 

"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобының содырлары жария еткен бейнероликте 2012 жылы Сирияның солтүстік-батысында жоғалып кеткен америкалық журналист Джеймс Фоулидің өлтірілгені түсірілген. 39 жастағы тілшінің тағдыры осы кезге дейін беймәлім болып келді. Содырлар тағы бір америкалық журналист түсірілген бейнежазбаны да жария етіп, оның тағдыры АҚШ президенті Барак Обама жасайтын қадамға байланысты екенін мәлімдеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети