10 тамыз 2014 15:31

Иранда құлап бара жатқан ұшақтың ішінен бес адам секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото www.tasnimnews.com Фото www.tasnimnews.com

Тегеран маңында апатқа ұшыраған Iran-141 ұшағы құлап бара жатқан кезде өмірлерін сақтап қалу үшін ұшақ бордтынан бес адам секіріп кетті, - деп хабарлайды Russia Today ирандық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. Оның ішінде тек үшеуі ғана аман қалды. Соңғы деректер бойынша, ұшақ апаты салдарынан 45 адам қаза болды. Ұшақтың ішінде бірнеше балалар да болған. 

Ұшақтың құлау себебін қозғалтқыштың істен шығып, экипаждың ұшақты басқара алмай қалғаны деп айтылуда. Бұл әуе кемесі ұшатын жолақтың соңына келгенде болған. Бұған дейін РИА Новости ұшақтың пилоты украиналық азамат болу мүмкін екенін хабарлаған. Айта кетейік, апат Тегеран әуежайының маңында орын алды. Taban Airlines рейсі Тегераннан иранның Табас қаласына ұшып бара жатқан. Иранда шығарылатын шағын Iran-141 ұшағы жергілікті уақыт бойынша 9.18-де (Астана уақыты бойынша 10.48) құлаған. Тағы бір деректер бойынша, Ан-140 ұшағы апатқа ұшыраған деп хабарланып жатыр. Ұшақ әуежайдан енді ғана көтерілген кезде, халық өте тығыз орналасқан ауданда құлаған.  52 жолаушы сиятын ирандық Iran-140 ұшағын украиналық АН-140 ұшақ базасында құрастырған.

Еске салайық, Бұған дейін, шілде айының соңында Малиде Air Algerie ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ол кезде 15 елдің азаматы зардап шеккен. 116 адам қаза болды. Одан бөлек McDonnell 83 Air Algerie әуе кемесі Уагадугудан Алжирге бағыт алған ұшақ радар бетінен 24 шілде күні жоғалып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети