09 қазан 2014 15:10

"Ислам мемлекеті" Кобани қаласының үштен бірін бақылауына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

"Ислам мемлекеті" тобының содырлары Сирияның Түркиямен шекаралас ауданындағы стратегиялық маңызы бар Кобани қаласының үшінші бөлігін бақылауына алды, - деп хабарлайды РИА Новости.


"Ислам мемлекеті" тобының содырлары Сирияның Түркиямен шекаралас ауданындағы стратегиялық маңызы бар Кобани қаласының үшінші бөлігін бақылауына алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ислам мемлекеті" қаланың үштен бірін, қаланың барлық шығыс ауданы мен солтүстік-шығыстағы және оңтүстік-шығыстағы шағын бөлігін бақылауға алды", - деп хабарлады Сириядағы адам құқықтарының сақталуын қадағалау орталығының жетекшісі (Syrian Observatory for Human Rights) Рами Абдулрахман.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" содырлары күрд автономиялық әкімшілігінің ірі орталықтарының бірі - Кобани қаласын басып алып жатыр. Экстремистердің қарауында ондаған күрд ауылы қалды. 140 мыңнан астам азамат Кобаниден көрші Түркияға қашып кетті. Түркиядан 1,5 мыңға жуық күрд еріктісі қала тұрғындарына көмекке келді. Түркияның көптеген қаласында күрдтер тәртіпсіздік ұйымдастырды, олар ел билігінің Сириядағы жанжалға араласпай отырғанына наразы.

"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактың Мосул қаласындағы әскери қоймалардан алынған танктермен, артиллериялық қарулармен, минометтермен жарақтанған. Бұған дейін АҚШ пен Иорданияның әуе соққысы барысында "Ислам мемлекетінің" бірнеше әскери автокөлігі, содырларды жарақтандыру қоймалары және логистикалық қажеттілік пен қолбасшылық енгізуге арналған бірнеше нысананың жойылғаны хабарланған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети