21 ақпан 2015 18:22

"Ислам мемлекеті" содырлары 40-тан аса адамды тірілей өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото liter.kz сайтынан Фото liter.kz сайтынан

"Ислам мемлекеті" радикал тобының содырлары Ирактың батысындағы Анбар провинциясында 43 адамды тірілей өртеп жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 


"Ислам мемлекеті" радикал тобының содырлары Ирактың батысындағы Анбар провинциясында 43 адамды тірілей өртеп жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақпарат көзінің мәліметінше, қаза тапқандардың бәрі - жергілікті полиция қызметкерлері мен үкіметтік "Ас-Сахва" қарулы құрылымының өкілдері. Олар Бағдадтан 200 шақырымдағы әл-Бағдади қаласында кепілге алынған. Кейін содырлар тұтқындарды Хит қаласына алып келді. Кепілге алынғандар алдымен темір торға қамалып, кейін тірі күйінде өртелген. 

Соңғы он күн ішінде лаңкестер 70 адамды қырып отыр. Содырлар әл-Бағдади қаласының көп бөлігін басып алған.

Еске сала кетейік, ақпан айының басында Интернетте экстремистердің Иордания Әскери-Әуе күштерінің пилоты Муаз әл-Касасбехті өлтіргені түсірілген виде жарияланған еді. Ол да алдымен темір торға қамалып, кейін тірілей өртелді. 

Орталық барлау басқармасының мәліметінше, "Ислам мемлекет" құрылымы 30 мыңға жуық содырдан тұрады. Әзірше оған қарсы бірыңғай майдан жоқ: экстремистермен Сирия мен Ирактың үкіметтік күштері және осы екі мемлекеттің күрдтері соғысып жатыр. Осы лаңкестік топ әрекеттерінің кесірінен мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты, жүздеген мың адам босқын атанды, тағы бірнеше мың адам содырлардың тұтқынына айналды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети