16 наурыз 2015 16:01

"Ислам мемлекеті" содырлары Саддам Хусейннің моласын жарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің Тикрит қаласы маңындағы моласы 15 наурыз, жексенбі күні "Ислам мемлекеті" содырлары мен Ирак әскері арасында болған қанды қақтығыс барысында қиратылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, "Ислам мемлекетінің" содырлары Тикритті 2014 жылы 11 маусымда басып алды.


Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің Тикрит қаласы маңындағы моласы 15 наурыз, жексенбі күні "Ислам мемлекеті" содырлары мен Ирак әскері арасында болған қанды қақтығыс барысында қиратылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, "Ислам мемлекетінің" содырлары Тикритті 2014 жылы 11 маусымда басып алды.

Ақпарат құралдарында Ирактың бұрынғы көшбасшысы мазарының қирандылары түсірілген бейнежазба пайда болды. Шейіттер бөлімшесінің өкілі капитан Ясир Нууманың (Yasser Nu"ma) айтуынша, мола орналасқан ауданға "Ислам мемлекеті" тобының аса ірі күші жұмылдырылып, қабыр миналанды.

2014 жылы қарашада "Ислам мемлекеті" содырлары Ирактың тақтан түсірілген президенті Саддам Хусейннің әкесінің Тикриттің орталығындағы моласы мен оның жанындағы мешітті жарып жіберген болатын. 2015 жылы наурызда Ирак әскерінің "Ислам мемлекеті" содырларының Тикриттегі тұтқындарының арасында бар екені хабарланды. "Біз Тикриттегі әскери госпитальді бақылай аламыз. Біздің күрделі шайқастарды жүргізуімізге тура келеді, себебі біз шабуылшылармен жерде айқаспаймыз, біз "Ислам мемлекеті" мерген содырларының тұзағына ұшырап қаламыз. Сондықтан біз ақырын жылжып келеміз", - деп мәлімдеді Ирак қарулы күштерінің дереккөзі.

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы өткен жылы жазда Сирия мен Ирактағы басып алған аумақтарында "халифатты" жариялады. Лаңкестер Сирия жерінде үкіметтік күш құрылымдарына қарсы шайқасқан кезде біраз әл жинады. Лаңкестік әрекет салдарынан бірнеше мың бейбіт тұрғын, жүз мыңдаған босқын мен тұтқында болған бірнеше мың адам қаза  тапты. АҚШ 23 қыркүйекте араб сынды одақтық елдерге қолдау көрсетіп Сирияда Ислам мемлекетінің позицияларына әуе шабуылын жасады, ал тамыз айынан бастап осыған ұқсас операциялар Иракта жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети