06 сәуір 2014 12:12

Израиль әуе күштері Газа секторына қарсы соққы жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

 Израиль әуе күштері 5-інен 6-сына қараған түні өз территорияларына зымыран ұшырғаны үшін Газа секторының бірнеше нысандарына  қарсы соққы жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып.


 Израиль әуе күштері 5-інен 6-сына қараған түні өз территорияларына зымыран ұшырғаны үшін Газа секторының бірнеше нысандарына  қарсы соққы жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып.

Сәуірдің 5-сі күні Израильдің оңтүстік бөлігіне Газа секторынан жіберілген зымыран құлаған. Зымыранның жарылу салдарынан қираған нысандар немесе құрбандар туралы ешқандай ақпарат жарияланбаған. Осыған жауап ретінде Израиль әуе күштері Газаның оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы бес нысанға соққы жасаған. Палестиналық әскерилердің айтуынша, бұл әуе соққыларынан ешкім зардап шекпеген. 

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының ортасында палестиналық "Ислам джихады" тобының мүшелері Израильдің оңтүстік аймағын зымыран құрылғыларынан атқан болатын. Израиль әскерилерінің есебінше, елдің оңтүстік аймағында 42 зымыран құлаған, олардың сегізі елдімекендер маңына түскен. Үш зымыранды "Железный купол" тобы басып алған. Атыс кезінде ешкімге зиян келмеген. Зымыран соққыларына Израиль әуе күштері Газаның 29 нысанын атқылаған. Нәтижесінде қарулы топтың үш мүшесі жер жастанды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети