15 ақпан 2014 20:29

Жайсыз ауа райы АҚШ пен Жапонияда өлім-жітімді көбейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та және Жапонияда толассыз жауған қар мен боранның салдарынан қаза тапқандардың қатары көбейді деп хабарлайды Tengrinews.kz ресейлік ақпарат құралдарының мәліметі бойынша. АҚШ-та қарлы боранның салдарынан құрбан болғандардың қатары 25 адамға жетті. Олардың көбі тас жолдарда тұрып қалған жерінде үсіп өлген. Бір жүкті әйелді қар тазалаушы техниканың астына түсіп қалған, дәрігерлер оның құрсақтағы сәбиін өлімнен құтқарды. Құрама Штаттарда автокөлік қозғалысымен бірге, әуе қатынасы да нашарлады. Мыңдаған рейс кейінге қалдырылды. Ал Жапонияда қалың жауған қар алты адамның өліміне себепші болды. Елдің орталық полиция басқармасының мәліметінше, тағы мыңнан астам адам ауруханаға түсті. Яманаси префектурасындағы Кофу қаласында жерді 120 жылда тұңғыш рет 114 см қар басты. Жапонияның әуежайлары 800-ге жуық рейсті кейінге қалдырды. Негізгі автокөлік жолдары түгел жабылды. Қалың қар жол-көлік оқиғаларының санын көбейтіп жіберді, соның есебінен қаза болғандардың қатары да артып барады. Жапония метеорология ұлттық басқармасы тұрғындарға жексенбіге дейін үйден шықпауды ескертті. Айта кетейік, 8-9 ақпан күндері қалың қардың кесірінен қайтыс болған тұрғындардың саны 13 адам болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети