03 желтоқсан 2015 09:59

Калифорнияда белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды: 14 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калифорнияның Сан-Бернардино қаласында атыс болып, кемінде 14 адам қайтыс болды, тағы 14 адам жарақаттанды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті полиция өкілдеріне сілтеме жасап.


Калифорнияның Сан-Бернардино қаласында атыс болып, кемінде 14 адам қайтыс болды, тағы 14 адам жарақаттанды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті полиция өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазірге дейін 14 адамның қаза тауып, тағы 14 адамның жарақаттанғанын білеміз", - деді жергілікті полицей.

Атыс ақыл-ес кемістігімен ауыратындарға көмек көрсететін өңірлік Inland орталығында болды. Ғимараттан бұған дейін кепілде болған 30 адам шықты. БАҚ мәліметінше, орталыққа үш адам шабуылдады. Күдіктілер әскери форма киген болуы мүмкін.


©  AFP

Кейін атысты ұйымдастырды делінген екі күдіктінің көзі жойылғаны хабарланды.

"Қара түсті автомобильге жасырынған екі күдікті өлтірілді. Күдіктілердің біреуі ер адам, екіншісі - әйел. Олардың қолында қару-жарақ болды", - деді жергілікті полиция өкілі. Үшінші күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар, атыстың шығу себебі белгісіз.

Атыс кезінде бір полицейдің жеңіл жарақат алғаны анықталды. Ол ауруханаға жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Айта кетейік, атыс болған жерден жарылғыш затқа ұқсас құрылғы табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети