18 ақпан 2015 09:58

Канада Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©inosmi.ru ©inosmi.ru

Канада Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізді, - деп хабарлайды РИА Новости елдің премьер-министрі Стивен Харпердің ресми сайтына сілтеме жасап.


Канада Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізді, - деп хабарлайды РИА Новости елдің премьер-министрі Стивен Харпердің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін премьер-министр Стивен Харпер Ресей мен Украинаның 37 азаматының елден шығуына тыйым салу туралы экономикалық санкциялар мен 17 ресейлік және украиналық компанияға қатысты экономикалық санкциялардың енгізелгені туралы мәлімдемені жариялады", - делінген хабарламада. Мәлімдеме бойынша, Ресейге қарсы жаңа санкциялар Украинадағы соңғы апталардағы сарбаздардың әрекеттеріне жауап ретінде енгізілген.

Канада билігі санкция тізіміне "Роснефть" компаниясы мен 11 ресейлікті кіргізді. Олардың арасында қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов, Мемлекеттік Дума депутаты Иосиф Кобзон, тележүргізуші Дмитрий Киселев пен "Ростех" корпорациясының бас директоры Сергей Чемезов бар. Ресейге қарсы санкцияға Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасы билігінің өкілдері мен сарбаздар батальоны кірді.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда Ресей, Украина, Германия мен Франция көшбасшыларының Минсктегі келіссөздерінен кейін қақтығыс тараптары Донбаста 15 ақпаннан бастап бітімге келу және ауыр қару-жарақты бұрып, қауіпсіздік аймағын қалыптастыру туралы құжатқа қол қойды. Украинаның оңтүстік-шығысындағы атысты тоқтату тәртібі 15 ақпаннан бастап күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети