04 сәуір 2017 16:06

Қазақстандық Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаза тапқан Максим Арышев Қаза тапқан Максим Арышев

Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің нақтыланған мәліметтеріне сүйене отырып, осыған дейін із-түссіз жоғалып кетті деп саналған Қазақстан азаматы Максим Арышевтың 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербургте болған терактінің салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз. Бұл барлығымыз үшін қайғылы жағдай", - делінген ҚР СІМ Facebook желісіндегі парақшасында.

Қазіргі уақытта Максим Арышевтың денесі Санкт-Петербургтегі Екатерининск қалалық ауруханасында. Ата-анасы оны таныды.

ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтың туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттің денесін отанына жеткізу мәселесіне де көмек береді.

"Максимның туыстары мен жақындарына және осындай адамгершілікке жатпайтын қылмыстың құрбандары болғандардың отбасына көңіл айтамыз", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Максим Арышев - Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік экономикалық университеттің 3-курс студенті. Ол "Ақпараттық жүйелер мен технологиялар" мамандығы бойынша білім алады. Оқу орнының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, оның оқу үлгерімі жақсы. Максим өзі Алматыдан, "Достар" халықаралық мектеп-лицейінде оқыған. "Ол мектепті 2014 жылы бітірді. Сабақты жақсы оқыды. Орта мектепті жақсы бағамен бітірді. Алтын медальға бітірген жоқ, бірақ оқуды жақсы аяқтады. Алаңдататын жағымсыз жағдай болып тұр. Барлығымыз ол үшін алаңдап отырмыз", - деген еді "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің меңгерушісі.

Осыған дейін қазақстандықтың достары Максим Арышев туралы айтып берген еді.

Айта кетейік, бүгінде қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр.

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети