16 қаңтар 2020 11:29

Қазақстандық танымал кәсіпкер Испанияда қайтыс болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испаниялық БАҚ өкілдері қазақстандық кәсіпкер әрі Словакияның экс-құрметті консулы Марат Сабалақовтың қайтыс болғаны туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Испаниялық БАҚ өкілдері қазақстандық кәсіпкер әрі Словакияның экс-құрметті консулы Марат Сабалақовтың қайтыс болғаны туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше басылымының мәліметінше, Марат Сабалақовтың денесі Испаниядағы вилланың бағынан табылған. 

Сондай-ақ, ер адамның мәйіті Аликанте қаласындағы заң медицина институтына тапсырылғаны айтылады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.


Марат Сабалақов (сол жақта).

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен осы жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрады. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, "испан полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлаған". 

"Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында консул оқиға орнына аттанды", - деді ол. 

БАҚ мәліметінше, Марат Сабалақов - инвестициялық топтың иесі. Forbes тұжырымы бойынша 2015 жылы Қазақстан рантье рейтингіне кірген. 2015 жылы қарашада Словакияның құрметті консулы мәртебесіне ие болды. Оның функциясына Словакия мен Қазақстан арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы қарым-қатынастардың жақсарту кірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети