07 қазан 2016 12:14

Қазақстандықтар Флоридадағы "Мэтью" дауылының астында қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Carlos Garcia Rawlins © REUTERS/Carlos Garcia Rawlins

Үш қазақстандық АҚШ-тың Флорида штатындағы "Мэтью" дауылының эпицентрінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, олар Алматыдан келіп, Нью-Йоркте оқып жүрген студенттер екен.


Үш қазақстандық АҚШ-тың Флорида штатындағы "Мэтью" дауылының эпицентрінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, олар Алматыдан келіп, Нью-Йоркте оқып жүрген студенттер екен.

Студенттердің бірі Шыңғыстың айтуынша, олар кешеден бері Майами әуежайында.

"Біз мұнда 3 қазанда досымыздың туған күніне келген едік. Осыған дейін біз дауыл жайлы білген де жоқпыз. Барлығы ойламаған жерден басталып кетті. Біз Нью-Йоркке 6 қазанда Майами уақыты бойынша қайту керек болатынбыз. Содан Fort Lauderdale Florida әуежайына бардық. Әуежайдың қызметкерлері бізді сонда орналастарып, тамақтандырды. Осында болғанымызға 15 сағаттан асты", - деп жазды Шыңғыс.

Ал ҚР СІМ дауыл астында қалған қазақстандықтарға Вашигтондағы ҚР елшілігінен көмек сұрауға кеңес берді. Бірақ біздің отандық мәмілегерлерге осы уақытқа дейін дауылдан зардап шеккен ҚР азаматтары жайлы хабарлама келмеген екен.

"Осы уақытқа дейін бізге ҚР азаматтары зардап шекті деген ақпарат келген жоқ. Осындай хабар келген жағдайда біз оларға жедел түрде Вашингтондағы ҚР елшілігімен байланысып, Қазақстандағы консул бөлімдеріне хабар беруге кеңес беретін едік", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Вашингтондағы Қазақстан елшілігімен +1 202-232-5488 нөміріне хабарласып немесе washington@mfa.kz/ kzconsuldc@gmail.com пошталарына хат жіберуге болады.

Қазіргі уақытта "Мэтью" дауылы Кариб аралығындағы бассейнде қатты соғып жатыр. РИА новости басылымының мәліметінше, АҚШ президенті Барак Обама бейсенбіде кешкі уақытта Джорджия штатындағы "Мэтью" дауылына байланысты төтенше жағдай режимін жариялаған. Осыған дейін Гаитиде "Мэтью" дауылынан 280 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, "Мэтью" дауылы Атлантикада 2007 жылдан бергі ең қауіпті дауыл болды. Жергілікті уақыт бойынша 6 қазанда дауыл Флоридаға, кейін Джорджияға, Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға жететіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети