18 ақпан 2014 18:12

Киевте радикалдар билік партиясы кеңсесін басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевтегі тәртіпсіздік. ©REUTERS Киевтегі тәртіпсіздік. ©REUTERS

Киевте радикалдар "Аймақтар партиясының" кеңсесін басып алды деп хабарлайды "РИА Новости". Басқарушы партияның кеңсесі қаланың орталығында орналасқан. Кеңсе қызметкерлері ереуілшілер баса-көктеп кіргенше ғимаратты тастап үлгерген. Бұған дейін Украина астанасында радикалдардың билік партиясы кеңсесін сырттан шабуылдап, есік-терезесін сындырып, ішке түтіні бар құты лақтырып жатқаны хабарланған еді. Шабуылдан жан сақтау үшін партия кеңсесі ішіндегі адамдар терезеден шығуға мәжбүр болған. Сондай-ақ бұған дейін "Евромайдан" аталатын қозғалыстың белсенділері қала орталығындағы парламент ғимараты алдында күш құрылымдарымен қақтығысқаны хабарланған еді. Текетірес әлі жалғасып жатыр. Ереуілшілер тарсылдақ гранаталар мен пиротехника атып, құқық қорғау қызметкерлеріне тас лақтыруда. Милиционерлер болса, жас сорғалататын газ қолданып отыр. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. "Евромайдан" жақтастары Жоғарғы Рада ғимаратына еніп, Конституцияға өзгеріс енгізуді талап етуде, олар оппозицияның ұсынысы бойынша елдің парламенттік-президенттік республика болғанын қалайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети