23 қаңтар 2014 13:40

Киевтегі қақтығыста НАТО мергені әрекет еткен болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевтегі тәртіпсіздік кезінде мерген екі адамды атып түсірген. Жоғарғы рада депутаты Евгений Балицкийдің пікірінше, ол мерген радикал оппозицияның тапсырысы бойынша НАТО елдерінің бірінен келуі мүмкін, бұл туралы Tengrinews.kz РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды. Украина астанасында оппозицияның радикал жақтастары мен құқық қорғау органдары арасында жаппай тәртіпсіздік қаңтардың 19-ы күні басталған болатын. Оған дейін ел билігіне қарсы сегіз рет халықтық вече (жиналыс) өтті. "Оппозиция Сирияның, басқа да араб елдерінің қанды сценарийі бойынша әрекет ете бастады. Наразылық ішкі себептерден болуы мүмкін деген жорамал жоққа шықты. Бұл - қарапайым азаматтар болып киінген диверсант содырлардың алдын ала мұқият жоспарлаған операциясы", - деп мәлімдеді Балицкий. Саясаткердің пікірінше, оппозицияның екіжүзді өкілдері мен олар жалдап отырған лаңкестер халықтың қанымен, көз жасымен елді екіге бөле алмайды, шетелдік демеушілерінен қанға боялған қаражатты алу оңайға соқпайды. Айта кетейік, Киевтегі қақтығысқа шетелдіктердің ықпал етіп отырғанын қазіргі биліктің жақтастары ғана емес, оппозиция да жасырмайды. Өз Twitter-аккаунттарында олар "Бүркіт" формасында шетелдік арнайы жасақ өкілдері әрекет етіп жатқанын және олардың арасында ресейліктер де барын айтты. Бұған дейін "РИА Новости" Ресей Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Киевтегі тәртіпсіздікке шетел мемлекеттері араласып отырғаны айдан анық деп есептейтінін хабарлаған еді. Песковтың айтуынша, Ресей мен Украина - сөзсіз бауырлас державалар, сондықтан Ресей Киевте болып жатқан жағдайды күйзеле отырып, толқи отырып бақылауда. "Бізге елдің ішкі жағдайына араласуға мүлдем жол берілмейді. Бірақ біз Киевтегілердің не істеу керектігін білетініне және ахуал қалыпқа келіп, барлығы өзінің заңды бейбіт арнасына түсуі үшін дұрыс шешім табатынына сенеміз", - деді Путиннің баспасөз хатшысы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети