28 тамыз 2019 12:38

Комада жатқан әйел босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чехияда комада жатқан әйел дүниеге сау бала алып келді, - деп хабарлайды dw.com


Чехияда комада жатқан әйел дүниеге сау бала алып келді, - деп хабарлайды dw.com

Чехияда 27 жастағы әйел жүктіліктің 16-шы аптасында миына қан кетіп, комаға түскен. Жедел жәрдем каретасында оның жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткен уақытта дәрігерлері оның бас миының өлгенін тіркеген. Босанғанға дейін үш айдан аса уақыт бойы дәрігерлер әйелдің ағзасын қолдан демеп отырған. Дүниеге келген қыздың денсаулығы жақсы.

Бала кесар тілігі отасының арқасында аман есен дүниеге келді, баланың салмағы 2,1 келі. Қазіргі уақытта сәби әкесімен бірге. Клиникадағылар осы жағдайды "таңғажайып жағдай" деп бағалаған. Босанғаннан кейін әйел аппараттан ажыратылды.

2016 жылы қаңтарда Брно қаласындағы осы клиникада жол-көлік оқиғасынан кейін комаға түскен әйел ұл баланы дүниеге алып келген еді. Кейінірек ол есін жиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети