18 маусым 2014 13:47

Құбырдағы жарылыс Ресей газы транзитіне әсер етпеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның Полтава облысындағы Уренгой - Помары - Ужгород газ құбырындағы жарылысқа қарамастан, Ресей газы Еуропаға кедергісіз жөнелтіліп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости "Газпром" компаниясына сілтеме жасап. 


Украинаның Полтава облысындағы Уренгой - Помары - Ужгород газ құбырындағы жарылысқа қарамастан, Ресей газы Еуропаға кедергісіз жөнелтіліп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости "Газпром" компаниясына сілтеме жасап. 

"Апатқа қарамастан, Украина арқылы транзит кедергісіз өтіп жатыр - шамамен тәулігіне 185 млн текше метр", - делінген Twitter шағын блогындағы хабарламада.

Жарылыс туралы ақпарат 17 маусым күні пайда болған еді. Украина төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің ақпаратына қарағанда, төтенше оқиға герметизацияның бұзылуынан болған, тесілген құбырдан газ атқылап, жалын тұтанған. Апаттық бригадалар зақымданған учаскені жапты. Жарылыстың Еуропаға жіберілетін газ көлеміне әсер етпегенін "Укртрансгаз" компаниясының өкілдері де мәлімдеді.

Украина Ішкі істер министрлігі жарылысқа қатысты бірнеше болжамды қарастырып жатыр, соның ішінде, теракт. "Газ құбырындағы жарылыс - Ресей тарапынан жасалған диверсия, оның мақсаты - Украинаны газ саласындағы серіктестер қатарынан аластату", - деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Арсен Аваков. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, жарылыс болған арналы газ құбыры Батыс Сібірдің солтүстігіндегі кен орындарын Батыс Украинамен жалғайды. Айта кетейік, жарылыс Украинаның Ресей көгілдір отынынан бас тартуға дайындалып жатқан кезінде болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети