12 ақпан 2014 14:19

Қырғызстан Ұлттық банкі сом бағамын сақтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз сомы. ©REUTERS Қырғыз сомы. ©REUTERS

Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі қырғыз сомын құлатпау үшін валюта интервенциясын жүргізді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Абдыбалы тегін Суерқұлдың мәліметінше, елде доллар бағамының өсуін тоқтату үшін орталық банк 27 млн долларға интервенция жүргізді. "Қазақстандық теңгемен болған жағдайдың қырғыз валюта нарығына әсер еткені әбден қисынды. Доллар бағамы жоғарылап, 52 сомға жетті. Жуырда ғана бір доллар 51-51,5 сомнан сатылған еді. Ұлттық банк бұған араласып, интервенция жүргізуге мәжбүр болды", - дейді Суерқұл. Қырғыз Ұлттық банкі өкілінің пікірінше, доллардың дүниежүзі бойынша нығаюы елдің валюта нарығына шок түрінде әсер етіп жатыр. Дегенмен шетел валютасын сатып алып, ішкі нарықтағы бағамды қолдан тежеу шарасы жағдайды сәл де болса тұрақтандырды. Суерқұлдың айтуынша, қазіргі кезде долларға деген сұраныс толық қанағаттандырылды. Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қазақстанда доллар құны өскеннен кейін Бішкектегі "Дордой" базарында баға шарықтағанын айтты. Саудагерлер доллармен есептесуді бастаған. Ал Қазақстанның оңтүстігінен келетін жүздеген кәсіпкер Қырғызстанда доллар бағамының төмендейтінін естіп, бүгін бұл базардан тауар сатып алуды тоқтатқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети