16 шілде 2015 12:31

Қырғызстанда аптап ыстыққа байланысты жұмыс күні қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек тұрғындары. © ru.sputnik.kg Бішкек тұрғындары. © ru.sputnik.kg

16 шілдеде Қырғызстанда аптап ыстыққа байланысты жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды. Мұндай бұйрыққа елдің премьер-министрі Темір Сәриев қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР үкіметінің сайтына сілтеме жасап.


16 шілдеде Қырғызстанда аптап ыстыққа байланысты жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды. Мұндай бұйрыққа елдің премьер-министрі Темір Сәриев қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

"ТЖМ болжамына сәйкес, бүгін 44 градус ыстық болады деп күтіліп отыр, осыған байланысты Қырғызстанның еңбек, көші-қон және жастар министрлігі жұмыс күнін 1 сағатқа қысқартуды ұсынды. Сонымен қатар, Қырғызстанның еңбек кодексінде мереке күндері жұмыс уақытын 1 сағатқа қысқарту қарастырылған", - деп хабарлайды Қырғызстанның министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.

РИА Новости мәліметі бойынша, 14 шілдеде республикада ауа температурасы рекордты көрсеткішке жетті, метеобақылау тарихында ол көрсеткіш 1928 жылдан бері сақталған. Термометр 39,3 градусқа дейін көтерілді. Сонымен қатар, Қырғызстанның ТЖМ аптап ыстыққа байланысты ескерту жариялап, адамдардың денсаулығы мен ауыл шаруашылығына қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Дәрігерлер азаматтарға үндеу салып, 17 шілде күні аяқталатын Оразада ауыз бекіткендерге сақ болуды ескертті.

Ауа температурасы жұма күні төмендейді деген болжам бар. Температура қайтадан 35-38 градусқа төмендейді, ал таулы аймақта жаңбыр жауады.

Айта кетейік, аптап ыстыққа байланысты Қазақстанда да ескерту жарияланды. 18 шілдеге дейін Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус, 20 шілдеге дейін Алматы облысының кей жерлерінде 40-43 градус, 17 шілдеге дейін Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус және 20 шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети