Қырғызстанда "Спекулянт" дүкеніне қатысты іс бойынша "Азия MIX" КВН командасының мүшесі Марат Жұманалиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қырғызстанда "Спекулянт" дүкеніне қатысты іс бойынша "Азия MIX" КВН командасының мүшесі Марат Жұманалиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Жұманалиев 48 сағатқа қамауға алынған. Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) уақытша ұстау изоляторында отыр.
Бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті алаяқтық жасаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған. Тергеу күдіктілер ақылы түрде "Спекулянт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ресей азаматы Василий Щербинаға қылмыстық істерін жабуға көмектескен.
Құзырлы органның мәліметінше, коммерциялық компания басшылары мемлекеттік қызметкерлермен алдын ала сөз байласып, Қырғызстан аумағына жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін әкелу үшін тұрақты сыбайлас жемқорлық байланысын ұйымдастырған. Василий Щербина мен Шахноза Якубжановаға іздеу жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!