22 қазан 2015 15:12

Қырғызстанда қашқын экстремистердің біреуі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еділ Әбдірахманов. Еділ Әбдірахманов.

Қырғызстанның Шу облысы Аламүдін ауданында қашқын экстремистердің бірі Еділ Әбдірахманов ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметінің мамандары хабарлады.


Қырғызстанның Шу облысы Аламүдін ауданында қашқын экстремистердің бірі Еділ Әбдірахманов ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметінің мамандары хабарлады.

ІІМ мәліметінше, ол Ала-Тоо ауылының маңында ұсталған. Бұл елді мекен өзге экстремистердің көзі жойылған жерге қарама-қарсы орналасқан. Әбдірахмановты ұстау кезінде одан қару табылды. Бірақ ол қаруын қолданып үлгерген жоқ, Қырғызстанның Шу аудандық ІІБ қызметкерлері оны байлап тастады.

Еділ Әбдірахманов Бішкек қалалық сотымен төрт бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған. Айта кетейік, түрмеден қашып, артынша ұсталған бесеудің үшеуі түрмеде қайтыс болды. Ал іздеудегі төртеудің екеуінің көзі ұстау кезінде жойылды, ұсталмаған енді біреуі бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети