20 қазан 2015 12:36

Қырғызстанда тағы бір қашқын экстремистің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Мусуралиев. © vb.kg Азамат Мусуралиев. © vb.kg

Қырғызстанда арнайы операция кезінде 2015 жылдың 12 қазанында № 50 түзету колониясынан қашып кеткен тағы бір экстремистің көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қырғызстан ІІМ өкілдері растап отыр.


Қырғызстанда арнайы операция кезінде 2015 жылдың 12 қазанында № 50 түзету колониясынан қашып кеткен тағы бір экстремистің көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қырғызстан ІІМ өкілдері растап отыр.

Ұстау кезінде Азамат Мусуралиев милиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен, салдарынан құқыққорғаушылар оның көзін жойды. Арнайы операция Қырғызстанның Шу облысының Соқылық ауданындағы Арал ауылында өткізілген. Республиканың ІІМ мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша, қашқын мал қорасында жасырынған. Ол туралы хабарды жергілікті тұрғындар беріпті. 

Азамат Мусуралиев Бішкектің Свердловск ауданының сотының үкімімен ұрлық жасағаны үшін сотталған болатын. Қырғызстан ЖАМҚ-ның мәліметінше, ол заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" экстремистік ұйымының өкілі болған.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Айта кетейік, 16 қазан күні іздеудегі қылмыскерлер "Дордой" базарында жүр деген хабар түсіп, экстремистерді ұстау кезінде олардың біреуінің көзі жойылды. Мерт болған Қадырәлиев Данияр Қылышбекұлы 1976 жылы 9 қарашада ҚР Жұмғалы ауданы Мин-Куш ауылында туылған, орта білімді, ұлты қырғыз. Оны Бішкек қалалық сотында тоғыз бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Мамандардың айтуынша, қалған үш экстремист сақалдарын алып, түрлерін өзгертулері әбден мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети