31 мамыр 2014 16:08

Қырғызстандық Бостондағы терактке қатысты іс бойынша қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хайрулложон Матанов Хайрулложон Матанов

"Тергеу 23 жасар қырғызстандық азаматқа Бостондағы терактке қатысты іс бойынша "айғақтарды жасырды және жалған куәлік етті" деген айып тағып, қамауға алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz The Boston Globe ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Тергеу 23 жасар қырғызстандық азаматқа Бостондағы терактке қатысты іс бойынша "айғақтарды жасырды және жалған куәлік етті" деген айып тағып, қамауға алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz The Boston Globe ақпарат құралына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің пайымдауынша, такси жүргізушісі Хайрулложон Матанов 2013 жылдың 15 сәуірі күні Бостанда орын алған террорлық жарылыс болғаннан кейін 42 минуттан соң Тамерлан Царнаевпен сөйлескен. Жазбаларды немесе құжаттарды жою, өзгерту және бұрмалау, жалған куәлік ету бойынша айып тағылған қырғызстандық 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бостонда теракт болған күні қырғызстандық азамат Тамерлан мен оның інісі Джохарға кешкі тамақ берген. Ал, арадан екі күн өткен соң ол Царнаевтардың Массачусетс штатындағы Кембриджде орналасқан үйіне келген. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің пайымдауынша, 2014 жылдың 30 мамырында қамауға алынған Матанов Тамерланмен бірге футбол ойнап, мешітке барып, жиі кездесіп тұрған. Сондай-ақ тергеушілер қырғызстандық азаматтың теракттен кейін бірнеше күн ағайынды Царнаевтармен хабарласып отырғанын айтады. ФТБ мәліметіне қарағанда, тергеу болатынын біле тұра, Матанов компьютердегі файлдарды өшіріп, телефондардың көзін құртпақ болған. Құқық қорғау органының пайымдауынша, өшірілген файлдарда күш қолдану көріністері және күш қолдануға бағытталған үндеу болған.

Матановтың адвокаты Эдвард Хейден "ФТБ-ның айыптаулары негізсіз" дейді. Сондай-ақ заңгерді неліктен Матановты қамауға алу арадар бір жыл өткен соң жүзеге асырылғаны қызықтырады. Матановтың таныстары оған "спортты жақсы көретін, еңбексүйгіш мигрант» деген мінездеме берген.

БАҚ мәліметіне қарағанда, Матанов АҚШ-қа 2010 жылдың мамырында студенттік визамен келген. Ол бірннеше ай Квинси колледжінде бағдарламашы мамандығы бойынша оқыған, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын тоқтатуына тура келген. Сонан соң мигрант саяси баспана алған. Туған елінде Матановтың науқас әкесі мен анасы және төрт бауыры бар, олардың екеуі Қырғызстанда, екеуі Ресейде тұрады. Естеріңізге сала кетсек, Бостондағы теракттан үш адам көз жұмып, 260 адам жарақат алған болатын. Күдікті Царнаевтардың үлкені Тамерлан полициямен атыс кезінде қаза тапты. Ал артынша қолға түскен Джохар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети